
Агробіліктілік орталығының сарапшылары Қарағанды облысының шаруаларын оқытып шығарды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы онлайн режимде тегін семинарлар ұйымдастырды. Дәріскерлер өндіріс ерекшеліктері, экономика және заңнамадағы жаңалықтар туралы айтып берді.
Жылыжайларда көкөніс өсіруден бастап жемшөп өндірісі мен жылқы шаруашылығына дейінгі түрлі салалар қозғалды. Дәрістерді жақында өз ісін ашқан 120 адам тыңдады. Олардың арасында "Бастау" жобасының түлектері де бар.
Тыңдаушылардың айтуынша, семинарлар өте пайдалы болды. Олар алған білімдерін тәжірибеде қолданбақ.
- "Бастау" курсының соңында мен өзімнің жылыжай шаруашылығымды ашуға бел будым. Семинарда мен жұмыста көмегі тиетін көптеген жаңа нәрселерді білдім. Нақты тәжірибеден алынған мысалдар ерекше қызықты болды, - дейді кәсіпкер Елена Иванко.
Әйгерім Асылбекова өзінің мал фермасын құруда.
- Менде көптеген бейінді сұрақтар болған. Дәріскерлер оларға жауап берді, - деп атап өтті бастаушы бизнесвумен.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша