Шахтинск қаласында жастар сыйлығы тапсырылады

Шахтинск қаласында жастар сыйлығы тапсырылады

Шахтинск қаласында қала әкімінің жыл сайынғы «Жастар» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды, ол 12 жыл қатарынан табысталып келеді. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында өтеді.

Сыйлық жеті номинация бойынша оқудағы, шығармашылықтағы және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін беріледі:

- «Жылдың үздік жоғары сынып оқушысы»;

- «Жылдың жас спортшысы»;

- «Колледждің үздік оқушысы»;

- «Жастар көшбасшысы»;

- «Шахтинск аймағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға менің жеке үлесім»;

- «Жыл волонтері»;

- «Жас кәсіпкер».

Олардың екеуіне – жастар саясатын іске асыруға және волонтерлік жұмысқа қосқан үлесі үшін – жас шектеулері қарастырылмаған, сондықтан тек жастар ғана қатысып қоймай, кез келген жастағы азаматар бағын сынай алады.

«Жас кәсіпкер» номинациясының иегері бір миллион теңге алады. Сыйлық қолданыстағы бизнесті дамытуға және кеңейтуге арналған.

Үздік волонтерге сыйлықақы 300 мың теңгені құрайды. Қалған номинацияларда ақшалай сыйақы – 100 және 150 мың теңге.

Конкурстық комиссия құжаттарды қарайды және шешім қабылдайды. Оның құрамын Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес бекітеді.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Түйіндеме.

2. Ұсыныс-сипаттама.

3. «Неге мен «Жастар» сыйлығына лайықпын»тақырыбында эссе.

4. Еңбектерін растайтын құжаттар.

5. Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.

Сондай-ақ, оқу, жұмыс немесе шығармашылық ортада фотосуреттер қажет. Кәсіпкерлер бизнесті тіркеу және инвестициялар туралы құжаттардың көшірмесін ұсынуы керек.

Өтінімдерді Жастардың ресурстық орталығы (Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101) және Шахтинск әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (Абай Құнанбаев даңғылы, 50а) қабылдайды.

Телефондар: (8-72156) 5-35-29, 5-15-95. Ұялы телефондар: 8-708-699-21-06, 8-778-713-77-27, 8-775-553-20-70.

Құжаттарды қабылдау 4-20 қараша аралығында жүргізіледі.

Фото мұрағаттан алынған