"Шұбаркөл Көмір" АҚ Қызылжар ауылының тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде

"Шұбаркөл Көмір" АҚ Қызылжар ауылының тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде

Үшінші жыл қатарынан "Шұбаркөл Көмір" АҚ Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының барлық тұрғындарын тегін көмірмен қамтамасыз етуде. Биыл 338 отбасы арасында 3 042 тонна отын таратылады. Әрқайсысы 9 тонна алады.

Мұның бәрі Қызылжар ауылы әкімдігінің "Жаңа тыныс" ҚБ қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы өтінішінен басталды. Өз кезегінде қоғамдық бірлестік төрайымы Саягүл Байсейітова "Шұбаркөл Көмір" компаниясының басшылығынан бұл бастаманы қолдауды сұраған.

 - Бүгінде көмірді үйлерге жеткізіп жатырмыз. Бес көшеде жұмыстар аяқталды. Бес күн ішінде қалған барлық отбасыларға көмір беріледі. Осы қайырымдылық акциясына қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз, - деді аудан әкімдігі.