
Қарағанды облысының Бұқар жырау және Абай аудандарында Нұра және Өткелсіз өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Шаралар жалпы аумағы 2100 шаршы метрді қамтып, мұз кептелістерінің алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірдегі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты күйде сақталып отыр.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар көктемгі тасқын кезеңінде елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қарағанды облыстық ТЖД ақпараты бойынша