Балқаш тұрғыны X-Factor музыкалық шоудың 8-ші маусымының қазылар алқасын таңқалдырды

Балқаш тұрғыны X-Factor музыкалық шоудың 8-ші маусымының қазылар алқасын таңқалдырды

Ерсұлтан Сәкенов X-Factor республикалық таланттар музыкалық шоуының жаңа маусымының кастингіне қатысты. Бүкіл ел бойынша 2 мың конкурсантты артта қалдырып, ол елу мықтылардың қатарына енді.

Ерсұлтан Сәкенов 26 жаста. Ол 4 жасыннан ән айта бастаған. Вокал классы бойынша музыка мектебін бітірген. Жас жігіт мәдени-демалыс орталығында менеджер болып жұмыс істейді. Бос уақытында махаббат туралы әндер жазады.

- Мен бала кезімнен үлкен сахнаға шығуды армандайтынмын. Қазір эстрадада Балқаштан шыққан әншілер жоқ. Сондықтан мен өз қаламның даңқын асқақтатқым келеді. Бізде жақсы әншілер мен әртістер бар екенін көрсетуді қалаймын, - деді Ерсұлтан.

Қазір байқаудың келесі кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Айта кету керек, коронавирустық пандемия бұл шоуға да өз түзетулерін енгізді. Осы жылы X-Factor-да тыңдаулар онлайн форматта өтті. Қатысу үшін сүйікті әнінің үзіндісін видеоға түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберу жеткілікті болды. 2021 жылдың қаңтар айының басында Еуразия бірінші арнасының тікелей эфирінде қатысушылар өнер көрсетеді деп күтілуде, ал 20-шы ақпанда халық жеңімпаздың есімін біледі.