К. С. Станиславский атындағы театрда Игорь Баграмовтың көрмесі ашылады

К. С. Станиславский атындағы театрда Игорь Баграмовтың көрмесі ашылады

6 қарашада орыс драма театрының фойесінде қарағандылық суретші Игорь Баграмовтың жұмыстарының көрмесі ашылады. Барлық картиналар театр актерлеріне арналған. Көрме театрдың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Игорь Баграмов Қарағандыдан тыс жерлерде де танымал. Білімі бойынша ол театр суретшісі, бірақ бүгінде ол мүсінші, график, акварелші ретінде де танымал. Суретші өмірінің бір бөлігін К. С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік театрында жұмыс істей отырып, сценография өнеріне арнады. Осы уақытқа дейін театр сахнасында А. Островскийдің «Кінәсіз кінәлі», В. Рыжковтың «Қайда? Қарағандыда!», О. Голдсмиттің «Қателіктер түні», А. Большакованың «Щелкунчик» қойылымдарына әзірлеген безендірулері қолданылады.

Спектакльдермен жұмыс жасап, әртістермен қарым-қатынас құру барысында суретші олардың портреттерінің галереясын жасауға шабыттанған. Олардың көрермендер алдында спектакль кейіпкерлерінің бейнесінде де, қарапайым өмірдегі сәттері келтіріледі.

Көрме соңында Игорь Баграмов К. С. Станиславский атындағы театрдың актерлеріне портреттер сыйға тартуды жоспарлап отыр.