
Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында 16 наурыз күні сағат 15:40-та түпнұсқаға барынша жақын киіз үй макетін құрастыру бойынша тегін шеберлік сабағы өтеді. Қатысуға ниет білдіргендердің барлығы шақырылады.
Кітапхана қорындағы қайта-қайта қолдануға болатын «Киіз үй» этноконструкторы үлкен сұранысқа ие. Оны құрастыруға арналған шеберлік сабақтарына балалар да, ересектер де қызығушылықпен қатысады. Макет көшпелі халықтың дәстүрлі баспанасына барынша ұқсатып жасалған және киіз үй құрылысының негізгі элементтерінің барлығын қамтиды.
Құрастыру барысында қатысушыларға киіз үйдің бөліктері қалай бекітілетіні, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратыны және көшпелі халықтың күнделікті өмірінде неліктен маңызды болғаны туралы кеңінен түсіндіріледі.
Кітапхана бұл этноконструкторды балаларды қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихи мұрасымен таныстыруға бағытталған танымдық әрі білім беру іс-шараларын өткізу үшін арнайы сатып алған.
— Шеберлік сабағы мәдени құндылықтарды насихаттау және өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отыр, — деді Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының директоры Баян Уатаева.
Шеберлік сабағына қатысу үшін кез келген адам жазыла алады — жас шектеуі жоқ. Бір сабаққа 30 адамға дейін қатыса алады.