Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді үйлеріне шығарып салды

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді үйлеріне шығарып салды

Қарағанды қаласында орналасқан 31775 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сарбаздар бір жылдық қызметтен кейін үйлеріне қайтады.

Запасқа шығарылғандар саптық плацпен маршпен жүріп өтіп, жауынгерлік тумен қоштасты. Оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Жауынгерлік дайындықта көзге түскендер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бөлім командирі подполковник Әділ Тұрсынқұлов сөз сөйледі.