Бұқар Жырау ауданында интернетке қолжетімділік мәселесі шешілуде

Бұқар Жырау ауданында интернетке қолжетімділік мәселесі шешілуде

Бұқар Жырау ауданында интернетке қол жеткізу проблемасы бар ауылдарда базалық станциялар орнатылуда. Елді мекендерді сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінді.

Бірінші кезеңде он ауыл қамтылды. Жабдықтар олардың бесеуіне орнатылды: Жаңаталап, Байқадам, Керней, Үміткер және Андрейниковкада. Тасшоқы мен Жаңақалада жұмыстар жүргізілуде. Осы аптада Центральное, Баймырза және Белағаш елді мекендерінде орнату аяқталады.

Бұл ауылдарда 12 327 адам тұрады.

Аудан әкімдігінде хабарлағандай, 47 елді мекенде кең жолақты интернет бар. Жалпы алғанда аудан халқының 83,8% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс әлі де жалғасатын болады. Базалық станцияларды тағы 12 ауылға орнату жоспарлануда.