Қарағандыда көктемгі ауылшаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда көктемгі ауылшаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын наурыз және сәуір айларында қаланың әр ауданында ұйымдастырылатын ауылшаруашылық шағын жәрмеңкелеріне шақырады.

Жәрмеңкелерге қалалық және облыстық жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысып, келушілер ет–сүт өнімдері және жергілікті өндірістің басқа да тауарларын орта нарық бағадан төмен құнмен сатып ала алады.

Іс-шаралар 7, 14 және 28 наурызда, сондай-ақ 4, 11, 18 және 25 сәуірде өтеді. Сауда сағат 09:00-де басталады.

Өтетін орындар:

- «Global City» сауда–сауық орталығы;

- «Ұмай» сауда үйі (Майқұдық);

- «Молодёжный» мәдениет үйі (Пришахтинск).