
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин 27 ақпан сағат 11:00-де Terricon Valley IT-хабында Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір тұрғындары министрліктің қызмет бағыттары бойынша сұрақтарын қоя алады. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні дамыту, телекоммуникациялар мен байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы мен ақпараттық қауіпсіздік салалары қамтылады.
Сағат 12:00-де IT-хаб ғимаратында (Қарағанды қ., Алалыкин көшесі, 12) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау өтеді.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу, сондай-ақ сұрақтар мен ұсыныстар қабылдау (8-7212) 25-87-80 және 50-71-33 телефондары арқылы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жеке қатыса алмайтындар үшін кездесу Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің YouTube желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.