Балқашта жергілікті бапкер туралы қысқаметражды фильм түсірілді

Балқашта жергілікті бапкер туралы қысқаметражды фильм түсірілді

Балқашта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Мен туған жерімді және жерлестерімді не үшін жақсы көремін" тақырыбында ең үздік өмір тарихына арналған байқау аясында жергілікті жаттықтырушы туралы қысқа метражды фильм түсірілді.

Байқаудың ұйымдастырушылары - еліміздің "Хабар" телеарнасы мен белгілі режиссер Бақыт Кілімбаев.

Жобаға Қазақстан Республикасы мен әлемнің кез келген бұрышында тұратын қазақстандықтар қатыса алды. Қала немесе шабыттандыратын, таң қалдыратын және бақытты адам туралы әңгіме айту керек болды. 170 өтінімнің 50-і іріктелді. Олардың қатарында Балқаш қаласының танымал бапкерінің тарихы да бар. Оның тәжірибесі фильмнің негізіне айналды.

Балқаштық жаттықтырушы Абай Комар қала өмірін артта қалдырып, ауыл балаларын оқыта бастаған. Кикбоксингке деген еңбекқорлықты, табандылық пен сүйіспеншілікті біріктіре отырып, ол 10 чемпионды тәрбиелей алды.

- Менің әңгімем жағдайы болмағанына қарамастан, көп нәрсеге қол жеткізе алған қарапайым ауыл балалары туралы. Олар республикалық және облыстық жарыстардың жүлдегерлері атанды. Мен олардың еңбегін көрсеткім келді, - деді Абай Комар.

Фильм түсіру үшін кастинг Балқашта өтті. Мамандар 150 адамды қарастырды. Бес балқаштық басты рөлдерге алынды, 30-ы массовкада қалды. Түсірілімді сегіз адам жүщеге асырды. Режиссері - Берікбол Шашубаев.

Үздік фильмдер республикалық арнада көрсетілетін көркем сериалдың негізіне айналады.