«Террикон алқабында» ақпан айындағы неконференцияға тіркелу басталды

«Террикон алқабында» ақпан айындағы неконференцияға тіркелу басталды

26 ақпанда сағат 18:30-да «Террикон алқабы» IT-hub-та IT және Digital саласының мамандарына арналған ауқымды неконференция өтеді. Бұл дәстүрлі баяндамалар форматынан бөлек, тәжірибе алмасуға, кәсіби пікірталасқа және іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталған ашық алаң.

Бағдарлама екі негізгі бағытты қамтиды — «Әзірлеу» және «Бизнес». Қатысушыларды нақты кейстер, қолданбалы құралдар мен белсенді нетворкинг күтеді.

«Әзірлеу» бағыты

Игорь Сенюшин, PM TSARKA, «Электроникада жылдам бастау» тақырыбында сөз сөйлейді. Спикер күрделі инженерлік жобаларды жүйелі әрі түсінікті кезеңдерге бөлудің жолдарын, open-source шешімдерін және ИИ-чаттарды тиімді қолдану тәсілдерін, сондай-ақ жұмыс істейтін прототипке жедел шығу мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Илья Салдин, Core Frontend Engineer, «Фреймворксіз перформанс: барлық ортада жұмыс істейтін оңтайландырулар» тақырыбында баяндама жасайды. Ол нақты технологиялық стекке тәуелсіз жобалардың өнімділігін арттыруға арналған әмбебап практикалық шешімдермен бөліседі.

Данила Алексин, PasPay Fintech компаниясының Senior Frontend Developer-і, «TanStack экожүйесі» туралы әңгімелейді. Спикер бұл тәсілдің деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалай өзгертетінін және оның стартаптар мен ірі enterprise-деңгейіндегі өнімдер үшін неге тиімді екенін тарқатады.

«Бизнес» бағыты

Ерлан Әшімов, Natige компаниясының директоры, Kurabie, Milkhouse және 220 VOLT брендтерінің иесі, «Бизнестегі құндылықтар» тақырыбын көтереді. Ол тұрақсыз кезеңдегі стратегиялық бағдар, компанияның даму векторы және құндылықтардың шешуші рөлі туралы ой бөліседі.

Рустам Базарбаев, SMM-маман және content creator, «Компаниялар үшін бренд-позициялау» тақырыбында сөз сөйлейді. Ол брендтің бірегейлігін айқындау және нарықта клиенттің таңдау мүмкіндігі болудың тетіктерін түсіндіреді.

Ақжан Бердеев, Kitzlano стартапының негізін қалаушы, «Өнімді соқыр түрде құрмау: демо кезеңіндегі CustDev және Jobs To Be Done» тақырыбында баяндама жасайды. Спикер гипотезаларды тексеру, пайдаланушының нақты сұранысын анықтау және стартапты дұрыс позициялау тәсілдері жөнінде тәжірибесімен бөліседі.

Бағдарлама аясында ашық пікірталастар, кофе-брейк және спикерлер мен қатысушылар арасындағы нетворкинг сессиясы ұйымдастырылады.

Кімдерге арналған?

- кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды іске асырушыларға;

- әзірлеушілер мен IT мамандарына;

- компания басшылары мен менеджерлерге;

- ақпараттық қауіпсіздік саласының сарапшыларына;

- өнім мен бизнесті дамытуға мүдделі барша қауымға.

Мекенжайы: IT-hub «Террикон алқабы», Алалыкин көшесі, 12.

Формат: офлайн / онлайн.

Қатысу: тегін.

Тіркелу: terricon.kz.

Неконференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өтеді.