Жезқазғанда 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді

Жезқазғанда 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді

Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келеді.

Ол диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, ӨЖЖ және басқалармен жабдықталды.

Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте пост медбикесін шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған.

- Ең бастысы, мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров.

Госпитальда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Тараз қалаларының білікті дәрігерлері дайындық жұмыстарын бастады.