ҮЕҰ және мемлекет: Қарағанды облысында үкіметтік емес ұйымдардың онлайн-конференциясы өтті

ҮЕҰ және мемлекет: Қарағанды облысында үкіметтік емес ұйымдардың онлайн-конференциясы өтті

Қарағандыда 17-ші рет "Белсенді азаматтық қоғам - мемлекеттің стратегиялық міндеттерін табысты шешудің факторы" ҮЕҰ-ның жыл сайынғы конференциясы өтті. Оған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасмыбек, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, өңірдің азаматтық альянсының президенті Гүлнар Құрбанбаева, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар өкілдері және т. б. қатысты.

- Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып табылатын ҮЕҰ, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі елдің дамуында ерекше маңызды рөл атқарады. Бұл жергілікті ҮЕҰ беделінің артуының және олардың әлеуметтік мәселелерді шешу қабілетінің айқын дәлелі, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. - Өңірде Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан бүгінгі кездесу барысында біз көптеген өзекті мәселелерді талқылаймыз деп үміттенемін.

Айта кету керек, азаматтық сектор облыстың барлық қоғамдық маңызды оқиғаларының белсенді қатысушысы болып табылады. Іс жүзінде барлық консультативтік-кеңесші органдарға, қоғамдық кеңеске, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияға және басқа да салаларға қатысады. Өңір қызметінің әртүрлі және қажетті бағыттарын қамтиды: волонтерлік қозғалыс, халықтың әлеуметтік осал бөлігі үшін бағдарламалар ұйымдастыру және т.б. Тек Қарағанды облысында ғана үкіметтік емес сектор саласында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылар конференцияның мақсаты - үкіметтік емес сектор қызметінің ең өзекті мәселелерін талқылау екенін атап өтті. Мемлекетпен ынтымақтастық ҮЕҰ бастамаларын тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.

- Қараша айында біз республикалық азаматтық форум өткіземіз. Оған дейін барлық аймақтарда конференциялар өтеді. Қарағанды облысы оларға бастау берді. Бүгін мен аймақтың ҮЕҰ қаншалықты ілгері қадам басқан, қандай мәселелер әлі шешілмеген және ең бастысы, Үкімет пен азаматтық қоғам серіктес ретінде қаншалықты ынтымақтасады деген сұрақтарға жауаптарды естідім. Дамыған елдерде азаматтық қоғам өкілдері билікпен тең дәрежеде жұмыс істейді. Барлық мәселелер мен сұрақтар алдағы азаматтық форумда талқыланатын болады, - деді Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Қарағанды облысының Азаматтық альянсының президенті Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша, алдағы 9-шы Азаматтық форум Қазақстанның үкіметтік емес секторының 30 жылдық жұмысын қорытындылап, кейінгі жылдардағы дамудың негізгі бағыттарын көрсетуі тиіс.

Пленарлық отырыстан кейін конференция төрт пікірталас алаңында жалғасты. Азаматтық қоғамның аумақтарды дамытудағы және жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы рөлі, ҮЕҰ-ын қаржыландыру құралдарын қайта жүктеу, әлеуметтік кәсіпкерлік және Қазақстанның атқарушы билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау туралы айтылды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы волонтерлерінің қызметі туралы көрме және өңірдің ҮЕҰ жұмыстарының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сонымен қатар үздік ҮЕҰ мен еріктілер марапатталды.