Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде он салалық комитет жұмыс істейді

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде он салалық комитет жұмыс істейді

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысында салалық комитеттердің құрамы бекітілді. Барлығы он комитет болады.

Олар құрылыс және құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, ШОБ және сауда, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, энергетика және ТКШ, туризм, тау-кен өнеркәсібі, ІТ және адами капиталды дамыту сияқты салалар бойынша өңірдегі бизнестің проблемалық мәселелерін қарауға арналған.

Комитеттер мен олардың құрамы туралы толығырақ ақпаратты мына жерден білуге болады: https://karagandy.atameken.kz/ru/pages/133-rs.

Кәсіпкерлер өз саласының проблемалық мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын салалық комитеттердің отырыстарында талқылай алады.