Майқұдықтың басты көшелеріне қараша айының соңына дейін жол белгілері орнатылады

Майқұдықтың басты көшелеріне қараша айының соңына дейін жол белгілері орнатылады

Майқұдықтағы Карл Маркс-Магнитогорская көшелерін қайта құру – екі жылдық жоба болып табылады. Осы жылға жоспарланған жұмыстар көлеміне жол белгілерін орнату кірді.

Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, қазіргі таңда жиектастар орнатылуда. Алдағы күндері ауа райы жылы болса, барлық учаскелер бойынша асфальт жабынының екінші қабатын төсеу аяқталады. Қараша айының соңына дейін бұл көшелерде жол белгілері пайда болады.

Ведомствода жоба бойынша бағдаршамдар орнату жоспары кейбір өзгерістерге ұшырады - олардың орналасуы бастапқыда жоспарланғаннан өзгеше болады деп хабарлайды.

Жұмыстар келесі жылы толығымен аяқталады.