Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзету лагерлері және олардың жалпы жеңіске қосқан үлесі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. Ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Ғалымдар, тарихшылар, журналистер, оқытушылар, жоғары оқу орындарының магистрлері мен студенттері, сондай-ақ мұражай қызметкерлері баяндама жасады. Конференцияда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кәсіпорындардағы Карлаг пен Жезқазған тұтқындарының жұмысы, ҰОС алғашқы жылдарындағы түзету-еңбек лагерлерінің майданға көмек көрсетуі (Карлаг мысалында), соғыс жылдарындағы Қарағанды облысының еңбек ресурстары, жастардың ел тарихын зерттеудегі рөлі сияқты өзекті және аз зерттелген тақырыптар ұсынылып, қаралды.

Онлайн-кездесуге қатысушылар "ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін" тақырыбын зерттеуді жалғастыру туралы шешім қабылдады, сондай-ақ Карлаг тарихына одан әрі бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы тарихи естелікті сақтау және көбейту туралы қарар әзірледі.