
2026 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қарағанды облысының халқы 1 131,3 мың адамды құрады. Аймақ елдегі ең урбанизацияланған өңірлердің бірі болып қала береді: тұрғындардың 82,5%-ы қалада, ал 17,5%-ы ауылдық жерлерде тұрады.
Жалпы халық санының ішінде ерлердің үлесі – 48%, әйелдер – 52%.
2025 жылы облыста 13 689 бала дүниеге келді, туу көрсеткіші 11,5%-ға төмендеді.
Миграциялық сальдо теріс болып отыр — облысқа 20 523 адам келген, ал кеткендер саны 26 220 адамды құрады. Айырмашылық − 5 697 адам болып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,8%-ға төмен көрсеткішті көрсетіп отыр.
Қарағанды облысының статистика департаментінің мәліметтері бойынша