Көктемгі су тасқынына дайындық: Ғ. Мұстафин кентінде қажетсіз технологиялық жол бөлшектелуде

Көктемгі су тасқынына дайындық: Ғ. Мұстафин кентінде қажетсіз технологиялық жол бөлшектелуде

Бұқар жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин кентінде өткен жылы Нұра өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді. Сол арқылы Теміртауға дейінгі жол үш есе қысқарып, қатынас әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болды. Осы көпір іске қосылғаннан кейін ескі жаяу жүргіншілер көпірі бұзылды. Қазір кенттегі қажетсіз технологиялық жол бөлшектелуде, бұл шара өз кезегінде көктемгі су тасқынына қарсы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жұмыстардың барысымен аудан әкімі Ерлан Құсайын жұмыс сапары барысында танысты.

Уақытша бөгет-үйінді ескі жаяу жүргіншілер көпірін демонтаждау үшін салынған болатын. Қазіргі таңда жоғарғы қалыптау конструкциялары мен тіректер толық алынып тасталды. Енді нысанның су астындағы бөліктері бөлшектелуде.

Аудан әкіміне барлық қажетті арнайы техника бар екені хабарланды. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, жұмыс күрделі, себебі арқалықтардың орналасу тереңдігі шамамен 2,5 метрді құрайды. Бөгет-үйіндінің басым бөлігі қазірдің өзінде алынып тасталған.

Ерлан Құсайын барлық жұмыстарды көктемгі су тасқыны басталғанға дейін аяқтау маңызды екенін атап, өзен арнасын толық босатуды тапсырды.