К. С. Станиславский атындағы Қарағанда театры көрермендерін тағы бір премьерамен қуантпақ

К. С. Станиславский атындағы Қарағанда театры көрермендерін тағы бір премьерамен қуантпақ

К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры бүгін, 30 қазанда қарағандылықтарды «Девичник» лирикалық комедиясының премьерасына шақырады.

Танымал американдық журналист, драматург және жазушы Лаура Каннингемнің пьесасы өзінің «Әдемі денелер» романының негізінде жазылған. Спектакль Лондон, Нью-Йорк, Ресей және басқа елдердің театрларында жоғары бағаға ие болды. Қарағандылық көрермендерге ол алғаш рет ұсынғалы отыр.

Комедияның қоюшы-режиссері актриса Галина Турчина болды, оның Владимир Лившицтің «Желді даладан ізде» атты балалар спектаклі көптеген жылдар бойы көрермендердің көңілінен шығуда.

- Мені осы пьеса кейіпкерлерінің қамкөңілдігі мен жан қуаттылығының үйлесімділігі баурап алды. Олар өз бақытына сенуді және кез-келген жағдайда ол үшін күресуді жалғастыруда, - дейді Галина Турчина. - Әрине, бұл жылдар бойы жалғасып келе жатқан нағыз әйел достығы туралы әңгіме.

Қойылымның кейіпкерлері өздерінің проблемалары туралы ұлтына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан әр әйелге түсінікті тілде айтады. Галина Турчинаның айтуынша, спектакль ерлер үшін де қызықты болмақ. Себебі мұнда әйел психологиясы ашылады.

Қайғылы және сонымен бірге күлкілі оқиғаны Светлана Федоренко, Ирина Егорова, Валентина Шматенко, Дина Семененко, Галина Турчина, Марина Маричева сынды актрисалар ойнайды.

Қоюшы-суретші - Елена Ким.

Тұсаукесер көрсетілімдері бүгін, 30 қазан, 18.30-да және ертең, 31 қазан, 17.00-де өтеді.