
Қарқаралы ауданы білім бөлімінің ғимаратында Ұлы Отан соғысына қатысушы батыл сарбаздың есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Майданға аттанар алдында Аманжол Бұхарбаев мұнда меңгеруші болып жұмыс істеген. Ресейдің мұрағат құжаттарынан жерлесіміз Еуропаны азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқаны тек осы жылы ғана белгілі болды.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына батырдың туыстары, сондай-ақ аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.
- Біз Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан отандасымыз Аманжол Бұхарбаевқа құрмет көрсетеміз. Өскелең ұрпақтың өз ата-бабалары туралы білулері үшін мемориалдық тақта орнатылды, - деді Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы.
Аманжол Бұхарбаевтың еңбек жолы 1931 жылы басталды. Ол «Қарағанды пролетариаты» газетінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1937 жылы ол Қарағанды қалалық сауда бөлімінің меңгерушісі және қалалық кеңес атқару комитетінің жауапты хатшысы болып сайланды. №19 Қарағанды мектебінің директоры қызметін атқарды.
- Атамды мақтан тұтамын. Бүгін мен бақыттымын. Осы жерден менің атам Қарқаралыға, еліне және өзі қызмет еткен адамдарға қарап тұрғандай. Ол үйіне оралды. Ол Отанына оралды, - дейді соғыс батырының немересі Гүлнар Бұхарбаева.
Аманжол Құсайынұлының майданда жүріп, өз отбасына жазған 20-ға жуық хаты бүгінгі күнге дейін жеткен. Батырдың немересі Гүлнар Бұхарбаева оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізуге ниетті.