
Қазақстан Ұлттық Банкі конькимен жүгіру спортының олимпиадалық дисциплинасы — шорт-трекке арналған «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын хабарлады. Монеталар «Спорт» сериясы аясында дайындалған.
Коллекциялық монеталардың сатылымы басталатын күн туралы қосымша ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында — nationalbank.kz порталында жарияланады.
Шорт-трек — жоғары жылдамдығымен, тактикалық күресінің күрделілігімен ерекшеленетін әрі көрермендерге тартымды конькимен жүгіру спортының түрі. Бұл дисциплина 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген және жоғары бәсекелестік пен тартысты жарыстардың арқасында халықаралық аудиторияның тұрақты назарын аударып келеді.
«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монеталары Германияның MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізінде әзірленді.
Монеталар 925 сынамалы күмістен соғылып, түсті басып шығару технологиясы қолданылған, дайындау сапасы — proof.
Монетаның негізгі сипаттамалары:
- номиналы — 1000 теңге;
- салмағы — 20 грамм;
- диаметрі — 37 мм;
- металы — 925 сынамалы күміс;
- сапасы — proof;
- таралымы — 2000 (екі мың) дана.
Аталған коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып саналады және барлық төлем түрлері бойынша нарықтық құнына сәйкес қабылдауға міндетті. Сондай-ақ олар ел аумағындағы барлық банктерде банк шоттарына есепке алу, аудару, ұсақтау және айырбастау операциялары үшін қабылданады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.