
Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ашық есік күнін өткізеді. Іс-шара барысында келушілерге бөлім қызметкерлері мен Мансап орталығының мамандары кеңес береді.
Ашық есік күні 5 ақпанда сағат 15:00-де Чкалов көшесі, 7-мекенжайында өтеді.
Қала тұрғындары жұмыс іздеу, кәсіби оқыту, сондай-ақ жеке кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнайы квота бойынша бөлінген жұмыс орындарына орналасу тәртібін түсіндіреді.
Ал Мансап орталығының өкілдері кәсіби қайта даярлау мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беріп, өз ісін бастауға арналған гранттар бағдарламасы туралы да кеңес ұсынады.
Сонымен қатар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, оларға түйіндеме тапсыруға мүмкіндік беретін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 13 ақпанда «Таир» сауда үйінің ғимаратында ұйымдастырылады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы толық ақпарат жұмыспен қамту бөлімінің Instagram парақшасында — @zhumyspen_qamtu_bolimi_krg жарияланатын болады.