
Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы "ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі" РМҚК Қарағанды филиалының тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады. Курсанттарды осы оқиғамен әскери-техникалық мектептің директоры Ауғанстандағы соғыс ардагері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы полковник Амангелді Жантасов құттықтады.
Әскери-техникалық мектепте 10 оқу сыныбы бар. Танкодромда тәжірибелік жүргізу бойынша сабақтар өткізіледі. Курсанттар атыс даярлығы дағдыларын "Астана" өңірлік қолбасшылығының "Спасск" оқу орталығында алады.
Тәрбиеленушілер әскери-техникалық мамандықтардың бірін меңгеріп, кешенді емтихан тапсырды. Ант қабылдау рәсімінен кейін үздік курсанттарға грамоталар берілді, олардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберіледі.