Қарағандыда азаматтық қорғаудың апаттық-құтқару қызметтерінің қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы қаралды. Жылжымалы басқару пункті, шатырлы лагерь және техника таныстырылды.
Дайындық деңгейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев және ТЖД бастығының м.а. Мұрат Қатпанов тексерді.
Облыс әкімінің өкімімен қысқы кезеңдегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұзындығы 714 км автожолдардың 525 қар басып қалатын учаскелері күшейтілген бақылауға алынады, жолда қиын жағдайға тап болған адамдарды эвакуациялауға арналған 28 жылыту пункті құрылады. Қажет болған жағдайда жол бойындағы бизнестің басқа да объектілері пайдаланылатын болады.
Азаматтық қорғау бөлімшелерінде 1 200-ден астам техника бар. ТЖД қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 87 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Жол талғамайтын көліктер мен вахталық автомобильдер іске қосылады.
Осындай байқаулар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізіледі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша