
Балқашта Senim 109 қызметі өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары 109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, коммуналдық және басқа да мәселелер туралы хабарлай алады.
Қоңыраулар ұялы телефоннан да, қалалық телефоннан да қабылданады.
Келіп түскен өтініштерді шешу үшін Senim109 қызмет жүйесіне Балқаштың 17 мемлекеттік және коммуналдық мекемелері қосылған.
Senim 109 бірыңғай call-орталығы өтінімдерді қабылдайды және халыққа қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша кеңес береді:
- коммуналдық мәселелер;
- медициналық қызметтер;
- білім;
- автокөлік және т. б.
Senim 109 call-орталығының операторлары демалыс және мереке күндерінсіз тәулік бойы өтініштер мен ұсыныстарды қабылдайды.
Олардың барлығын қызмет мамандары өңдейді, содан кейін оларды белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен Коммуналдық қызметтерге береді.