Жаңаарқа ауданында күрес залы мен хоккей корты ашылды

Жаңаарқа ауданында күрес залы мен хоккей корты ашылды

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылдық округінде екі спорт нысаны - күрес залы және хоккей корты іске қосылды. Аталмыш нысандарды ашу билік пен жергілікті тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.

Ералы ауылының тұрғындары күрес залы орналасқан ескі ғимаратты жөндеуге 3 миллион теңге жинады. Жергілікті бюджеттен күрделі жөндеуге 7 миллион теңге бөлінді. Хоккей кортының ашылуы да жергілікті тұрғындардың қатысуынсыз болған жоқ. Ауыл тұрғындары 2 миллион теңге жинап, спорт алаңының сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізді, ал ішкі безендіруге жергілікті бюджет 4 миллион бөлді.

Елбасы «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» атты мақаласында барша қазақстандықтарды туған өлкесін қайта түлетуге және дамытуға шақырды. Айта кету керек, жаңаарқалықтар бұған лайықты үлгі болып отыр.

Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ералиев ауылдық округінде басқа да көптеген игі істер атқарылуда. Мысалы, тұрғындардың демеушілігімен мешіттің қасбеті ретке келтірілді. Жергілікті кәсіпкерлер де өздерінің туған жеріне белсенді көмек көрсетуде. Осылайша, Самат Арыстанов өз қаражатына көшелердің біріне жарық орнатты.

Сондай-ақ, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ералиев ауылдық округі мен мәдениет үйіне кіре берісте 2 шақырым жол жөнделді.

Жаңаарқа ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша