
Теміртауда "Күміс университет" пилоттық жобасы басталады. Бұл егде жастағы адамдарға арналған клуб, онда олар жаңа білім алып, жаңа достар таба алады. Бастамашы Қарағанды индустриялық университеті болды.
"Күміс университетте" компьютерлік, қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылықты оқытатын болады. Шахмат клубында жаттықтырушылар зияткерлік ойын шеберлігін жетілдіруге көмектеседі.
Толығырақ телефон: 8-701-254-77-37.