Қарағанды облысының соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

Қарағанды облысының соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пленарлық отырыста кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. ҚР Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №440 Жарлығымен судьялар корпусына тағайындау, сондай-ақ атқаратын лауазымдарынан босату және отставкаға жіберу рәсімдері жүргізілді.

Қарағанды облыстық сотының судьялары Естай Исабеков пен Орал Омаров болып тағайындалды, олар бұған дейін Абай және Бұқар Жырау аудандарында соттардың төрағалары болып жұмыс істеген.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотын Ертай Тынысов басқарды. Арман Ешмағанбет Жезқазған қалалық сотының судьясы болып, Сая Қамарова Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның №2 сотының судьясы болып тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының судьялары Қарлығаш Нұрмағамбетова мен Надежда Кузнецова, Приозерск қалалық сотының төрағасы Бағдат Әдепбеков құрметті отставкаға кетті.

Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша