Балқашта қала әкімінің грантын алуға құжаттар қабылдануда

Балқашта қала әкімінің грантын алуға құжаттар қабылдануда

Балқашта қала әкімінің гранттарын алу науқанының екінші кезеңі басталды. Өтінімдер жастар ресурстық орталығында 9 қарашаға дейін қабылданады. Байқауға Балқаштан және Гүлшат, Саяқ кенттерінен 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Қатысу үшін жеке куәліктің көшірмесі, бизнес-жоспар, несие тарихы және салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама қажет. Сонымен қатар, қатысушының жеке шотында бизнес-жоспарда көрсетілген соманың 10% болуы тиіс. Құжаттарды қабылдағаннан кейін жас кәсіпкерлер өз жобаларын арнайы комиссия алдында қорғайды.

- Үміткерлер барлық құжаттар пакетін әкелгеннен кейін, біз оны мұқият тексереміз. Содан кейін жас кәсіпкерлерге комиссия алдында өз жобаларын қорғай алатын күнді айтамыз, - деп түсіндіреді Жастар ресурстық орталығының маманы Темірлан Бегімбай. ⠀

Бүгінгі таңда кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 10 млн теңге бөлінді. Бірінші отырыста комиссия сегіз бизнес-жоспарды қарады. Олардың ішінен ең үздіктері таңдалды - тігін цехы, жартылай дайын фабрикаттар цехы және кофе сату нүктесі. Кәсіпкерлер жалпы 4,5 млн теңге алды. Қалған ақша өміршең және қызықты бизнес-жоба әзірлегендерге беріледі.

Қосымша ақпарат: (8-71036) 4-47-11.