Қарағанды кітапханасы өнер туралы бірегей басылымдарды сыйға алды

Қарағанды кітапханасы өнер туралы бірегей басылымдарды сыйға алды

Белгілі қазақстандық өнертанушы Баян Барманқұлова Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға сыйлық жасады. Өнер жөніндегі әдебиет бөлімінің қоры бірегей басылымдармен толықтырылды.

Баян Барманқұлова М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстанның Мемлекеттік өнер мұражайында, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында жұмыс істеді. Қазақстанның суретшілері мен өнері туралы кітап-альбомдардың авторы, «Қазақстан өнерінің тарихы» оқулығының тең авторы.

Үш жыл бұрын өнертанушы Н. В. Гоголь атыдағы кітапханаға 1939 жылы жарық көрген латын тіліндегі «Batьrlar» кітабын сыйға тартқан болатын. Бұл раритет сыйлықтың маңыздылығы зор, себебі қорларда латын тіліндегі алғашқы кітап пайда болды.

Бұл жолы Баян Барманқұлова кітапханаға Қазақстан және шет елдердің өнері бойынша басылымдарды: кітаптарды, альбомдарды, көркем көрмелердің каталогтарын табыс етті. Басылымдар мамандар мен өнер сүйер қауымға қызықты болатынына күмән жоқ.