Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан Zn коллекциялық монетасын айналымға шығарды

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан Zn коллекциялық монетасын айналымға шығарды

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында Zn (Мырыш) атты жаңа коллекциялық монетаны таныстырды. Бұл жөнінде Ұлттық банктің ресми ақпарат көздерінде хабарланды.

Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен дайындалып, мырыштан жасалған кірістірмемен әрленген. Номиналдық құны — 1 000 теңге. Шығарылым таралымы шектеулі және небәрі 2000 дананы құрайды.

Монетаның салмағы — 32,5 грамм, диаметрі — 38,61 мм. Соғу сапасы — black proof. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, бұл шығарылым коллекционерлер мен сирек әрі құнды монеталарды бағалайтын жандарға арналған және еліміздің минералдық-шикізаттық ресурстарының байлығын айқындауға бағытталған.

Коллекциялық монетаның сатылымы басталды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан Ұлттық банкі «Сақ стилі» сериясынан жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноталарды да айналымға енгізген болатын.