
Қарағанды қаласында еңбек жастары мен еріктілерге арналған дәстүрлі қайырымдылық балын өткізу жоспарланып отыр. Биылғы іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылады. Қатысушылар бал мәдениетінің қыр-сырымен танысып, шығармашылық ортаға еніп, жаңа дағдыларды меңгеріп, қайырымдылық бастамаларды қолдауға мүмкіндік алады.

Осыған байланысты ұйымдастырушылар кастинг жариялады. Іріктеуге 18 бен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады. Кастинг 26 және 28 қаңтар күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында өтеді (Бұқар жырау даңғылы, 32, 2-қабат).
Қатысу үшін алдын ала электронды өтінім толтыру қажет. Өтінімдер мына сілтеме арқылы қабылданады: docs.google.com/forms.
Қосымша ақпаратты 8-708-986-74-67 телефон нөмірі арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан алуға болады: @keleshek_krg және @blagbal_krg.