
15 қаңтар күні сағат 18:30-да Қарағанды циркінің ғимаратында қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрінің жаңа жылдық концерті өтеді. Музыканттар Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистерімен бірлесіп өнер көрсетеді.
Дирижёрлік пультті Әбдуғалисын Шоқанбаев, Ерлан Бақтыгерей және Әбілқайыр Сағымбаев тізгіндейді. «Жаңа жылдық серпантин» атты концерттік бағдарламаға танымал жаңа жылдық фильмдердің саундтректерімен қатар, көпшілікке кеңінен таныс әрі сүйікті мерекелік шығармалар енгізілген.
Көрермендерді тек музыкалық бағдарлама ғана емес, интерактивті бөлім де күтеді. Тыңдармандар үшін қызықты жаңа жылдық викторина ұйымдастырылады. Ал ең тапқыр қатысушыларды арнайы сыйлықтар күтіп тұр.