Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында «Дәстүр мен ғұмыр» атты көрме ашылды

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында «Дәстүр мен ғұмыр» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің «Дәстүр мен ғұмыр» атты көрмесі ашылды. Ол жыл соңына дейін жалғасады.

- Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұмыр» арнайы жобасы бойынша ашылды. Біздің көрменің негізгі мақсаты - материалдық мұраны, мәдениетті және ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, - дейді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

Көрмеге XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында жасалған 70 экспонат қойылған. Мұнда киіз үйді көруге болады, онда бір жағынан ер адамдардың құрал-жабдықтары - ер-тоқым, ат әбзелдер және т. б., ал екінші жағында - сандық және басқа да әйелдердің керек-жарақтары қойылған. Сондай-ақ экспозицияға зергерлік бұйымдар, киіз бен ағаштан жасалған ұлттық бұйымдар, «Көш» инсталляциясы ұсынылған.

- Экспонаттардың бір бөлігі өткен жылғы этнографиялық экспедиция нәтижесінде мұражайға келіп түсті. Көрме онлайн және офлайн режимінде өтеді. Экспозиция аясында қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын «Дәстүр сөйлейді» атты бейнеролик түсіреміз. Бірінші бейнероликті сәрсенбіде түсіруді жоспарлап отырмыз. Ол ит аяғына салу дәстүрі - есік көру салты бойынша ауылға келген жаңа келінннің жігіттің туыстары мен достарына танысу үшін қонаққа шақыру рәсімінде оған күміс сақина немесе білезік сыйға тартылғанын көрсету, - дейді ммұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Мұражайға келушілер үшін фотоаймақ және зергерлік бұйымдар тізілген жылжымалы қондырғы орнатылған.