Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

28 қазан күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін "Ашық диалог" порталында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен интернет-конференция өтеді. Онлайн кездесудің тақырыбы - "Білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің пандемия жағдайындағы жұмысы туралы".

Сұрақ қою үшін dialog.egov.kz порталында тіркелу қажет.

"Ашық диалог" -  ҚР "Ашық үкіметі" құрауыштарының бірі және мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң болып табылады.