
Қарағандылық Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 31 қазанда Атырауда өткізеді. Бокс кеші қатаң санитарлық жағдайда және көрермендерсіз өтеді. Ол "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Бокс матчында 5 жұп жарысады деп күтілуде. 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіпов 24 жасар тәжірибелі Танзандық Мешак Мванкемвамен (21-7, 13КО) кездеседі.
Айта кету керек, Абылайхан Жүсіпов - бокстан Қазақстан әуесқой құрамасының көшбасшысы. Ол олимпиадалық лицензия алды.