Қарағандылық Best Logistik көлік компаниясы "Даму" қорынан қолдау тапты

Қарағандылық Best Logistik көлік компаниясы "Даму" қорынан қолдау тапты

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бір жыл бұрын "Best Logistik" ЖШС бірінші жүк машинасын сатып алу мүмкіндігіне ие болған. Компания жүк тасымалдау саласында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның директор Екатерина Шестакова көлік компаниясында бухгалтер-аудитор болып жұмыс істеп жүргендеәйелдерге арналмаған бизнеспен айналысуды шешкен.

- Мен бұл бизнеске логист мамандығын білмей келдім, - деп еске алады Екатерина Шестакова.

- Іс жүзінде мені PARTNER-TRANS компаниясының басшысы Дмитрий Новиков үйретті. Ол менің болашағымды көрді және менің қолымнан барлығы келеді деп айтудан шаршамады.

Best Logistik-тің көлігі болмағандықтан, компания алдымен экспедиторлық қызмет көрсетумен айналысқан. 2019 жылы Екатерина аймақтық "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Қарағанды қаласындағы филиалына жүгінген. Мұнда ол тегін оқытудан өтіп, edu.damu.kz сайтынан сертификат алды және несие алу үшін банкке құжаттар пакетін дайындай бастаған. Нәтижесінде "Сбербанк" АҚ оның несиесін "Еңбек"бағдарламасы бойынша мақұлдады. Екатерина Шестакова жылдық 6% мөлшерлемемен көлік сатып алды.

- Бүгінгі таңда штатта алты қызметкер бар, - дейді ол. - Жоспарда жаңа жұмыс орындарын құру және автопаркті кеңейту қарастырылуда. Бұл бағытта тағы да "Даму" қорымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.