
"Қоңырат" ықшам ауданынан жесір әйел, Дарина Қағадееваға Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбековтың өтініші бойынша кәсіпкер екі бөлмелі пәтерге алып берді. Бизнесмен сол шағын ауданда жылу магистралінің құрылысын жүргізуде.
Дарина Қағадеева әкіммен тікелей эфир кезінде өзінің ауыр жағдайы туралы айтып берді. Ораз Тәуірбеков жесірге көмектесуге дайын демеуші тапты.
Кілтті табыстау рәсімі көп балалы ана облыстық перзентханадан шыққан бетте ұйымдастырылды. Әйелдің босануы қиын өтті. Даринаның қызы бір апта бойы өмірі үшін күресіп, жан сақтау бөлімінде жатты. Бұл отбасының өмірінде жарқын күндер басталғанының белгісі ретінде нәрестеге Элина ("жарқын") деген есім берген.
Жаңа қоныс тойымен отбасын Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков құттықтады:
- Сіздің үйіңізде молшылық, жайлылық, әрдайым жылылық, жарық болсын деп тілеймін.
Балқаш тұрғыны Дарина Қағадеева жүктілігінің бесінші айында болғанда, оның күйеуі қайтыс болған. Үш ұлдың анасы қолдаусыз қалып, жалдап тұрған үйінің ақысын төлей алмаған. Төрт ай бойы әйелге @qonyrat_qaiyrymdylyq_qory_ еріктілері көмектескен. Олар бірден қаражат жинау акциясын жариялаған болатын. Өкінішке орай, жиналған сома тұрғын үй сатып алуға жетпеді. Көпбалалы отбасы жергілікті бизнесменнің арқасында баспаналы болды. Қажетті жиһаз және тұрмыстық техника жанашыр балқаштықтардың күшімен жиналған қажатқа алынды. Жиналған ақшаның бір бөлігі жас ананың несиесін жабуға жұмсалды.
- Ванна, кір жуғыш машина, пеш - пәтердегі барлық нәрсе - бұл жүрегі кең, жанашыр адамдардың көмегінің арқасы, - дейді ерікті Анар Адамбекова. - Әрбір тұрғын өзінің үлесін қосты. Балаға арналған төсек те қалалықтардың сыйы.
Мұнда отбасы жақсы және жайлы өмір сүреді деп үміттенеміз.