Конституцияға 30 жыл: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы жұмысының қорытындысы

Конституцияға 30 жыл: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы жұмысының қорытындысы

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 700-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың қатарында салтанатты жиналыстар, мерекелік концерттер, тақырыптық көрмелер және басқа да қоғамдық маңызы бар іс-шаралар бар.

Конституция күнін мерекелеу «Заң және тәртіп» бірыңғай идеологемасымен өтті. Облыстың барлық өңірлерінде халыққа тегін заң кеңестері, құқықтық жәрмеңкелер және қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.

Конституция күніне орай облыста бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді.

Қарағандыда 20 мыңнан астам қатысушыны біріктірген «Ата Заңға 30 жыл» облыстық форумы өтті. Сонымен қатар, «KARMET» АҚ Конституцияның 30 жылдығына және Шахтер күніне арналған гала-концерт ұйымдастырды. Оған 120 мыңнан астам көрермен келді.

Әлеуметтік желілерде «Бір күн – бір бап» және «30 игі іс – 30 жыл Конституция» челлендждері іске қосылды, олар Қарағанды облысы тұрғындарының кеңінен қолдауына және белсенді қатысуына ие болды.