Теміртау ауруханасында жаңа компьютерлік томограф орнатылды

Теміртау ауруханасында жаңа компьютерлік томограф орнатылды

Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасында жаңа компьютерлік томограф пайда болды. Бүгінде бұл – қаладағы ең қуатты әрі ең дәл аппарат. Құрылғы анағұрлым айқын кескіндер алуға және зерттеудің тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған томограф Теміртаудағы бесінші аппарат болмақ. Компьютерлік томография түрлі ауруларды диагностикалауда «алтын стандарт» саналғандықтан, Теміртауда бұл қызметке сұраныс жоғары. Жаңа аппаратта тексеруден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін де, ақылы түрде де өтуге болады. Атап айтқанда, компьютерлік томография орталық жүйке жүйесі, кеуде қуысы, іш қуысы және өзге де көптеген ауруларды дәл анықтау үшін қажет.

– Бізге тек Теміртаудан ғана емес, Нұра және Осакаров аудандарынан да науқастар келеді. Біз – орталық медициналық мекемелердің біріміз, сондықтан көпсалалы ауруханада осындай заманауи аппараттың болуы өте маңызды, – дейді Теміртау көпсалалы ауруханасы медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Дәурен Амангелдиев.

Қазіргі таңда жаңа аппаратты баптау және сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.