Қарағанды облысында Топар бөгетін жөнделіп, екі өзенге тазарту жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысында Топар бөгетін жөнделіп, екі өзенге тазарту жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысында Топар бөгеті күрделі жөндеуден өтіп, Шерубай-Нұра және Топар өзендеріне санация жүргізілуде. Су объектілерінде өңір әкімінің орынбасары Серік Шайдаров болып қайтты. Ол жүргзіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Құлайғыр ауылындағы Топар бөгеті 1937 жылы салынған. Сол уақыттан бері ол жөнделмеген. 2020 жылы қалпына келтіру жұмыстары басталғанға дейін жер бөгеті апатты жағдайда болды, тоғанды қамыстар, бұталар және т. б. жауып тастаған. Су жинайтын құрылғының әбден тозығы жеткен.

Тоған көп жылдар бойы мал суару орны ретінде қызмет етті, ал ауыл тұрғындары суды көкөніс бақтарын және ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін пайдаланды.

Мамандар гидротехникалық құрылыстың барлық функцияларын қалпына келтіріп, су шығарғыш салулары тиіс. Осының арқасында көктемде Құлайғырдың үйлерін су баспайды, және де тоғаннан мал суаруға және алқаптарды суаруға су беру тұрақты түрде жүзеге асырылады. Тоған рекреациялық мақсатта пайдаланылады.

Топар өзені – Шерубай-Нұра өзенінің оң жағалауындағы өзен. Оған Шерубай-Нұра су қоймасы бөгетінен 6,8 шақырым жоғарырақ Топар өзені құяды. Өткен жылдардағы су тапшылығы Топар өзенінің табиғи арналық деформациясына және оның таяз болуына әкеп соқты, сонымен қатар ол су өсімдіктерімен толып, өсе бастады. Қазір су ағынын қалпына келтіру қажет.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шерубай-Нұра өзенінің арнасы қамыспен және ағаштармен толып жатыр. Арнадан судың өтуі қысқы-көктемгі кезеңде қиындай түседі. Тасқын сулар арнадан шығып, Юбилейный және Көксун ауылдарының жағалау аумақтарын су басады.

Өзендерде жағалауды нығайту, түбін тереңдету және ағаштарды тамырымен жұлу жұмыстары жүргізіледі.

Жобалар қоршаған ортаны қорғау және ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтіру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылады. Жұмысты 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жобаларды сапалы және уақтылы аяқтауға тапсырма берді.