Ақтау кентінде алты көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда

Ақтау кентінде алты көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда

Ақтау кентінде қала маңын абаттандыру жобасы аясында алты көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылады. Жоба Теміртау әкімінің тапсырмасы бойынша әзірленді.

Жаңа құрылыс орындары белгіленді. Әзірге пәтерлердің нақты саны белгісіз.

- Үш және төрт қабатты үйлер болады. Бүгінгі күні жоспарланған құрылыс үшін жер учаскелері ресімделді. Үйлер 8-ші орамда, Спартак көшесінің бойындағы "Үйге арналған тауарлар" дүкенінің жанында салынады, - дейді Ақтау кенті әкімінің міндетін атқарушы Әнуарбек Бахриденов.

Алты үйдің құрылысы кентте тұрғын үй мәселесін толығымен шешпейді.

Бүгінде пәтер алу кезегінде жүзге жуық отбасы тұр. Осыған байланысты жергілікті билік бос тұрған көп қабатты үйлерді қалпына келтіруге шешім қабылдады. Ақтауда осындай 14 үй бар. Мамандар қазірдің өзінде барлық қажетті сараптамаларды жүргізумен айналысуда.

Келесі жылы Ақтау билігі тозған су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

- Біз 8-ші орамның бойындағы су құбырына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 1,75 шақырым, - деді Әнуарбек Бахриденов. - Бүгінгі таңда бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру жағдайында жұмыстар келесі жылы жүргізілетін болады.