Саранда қаланың бас жоспарындағы өзгерістер бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Саранда қаланың бас жоспарындағы өзгерістер бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Саран қаласында 11 қарашаға шаһардың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша қоғамдық тыңдау тағайындалды.

Тыңдаулар балалар-жастар орталығының ғимаратында өтеді (Чкалов көшесі, 3/1). Басталуы сағат 11.00-де.

Жоба бойынша құжаттамамен Саран әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады. Материалдарды Саран қ., Жамбыл к-сі, 65 мекенжайы бойынша қағаз түрінде алуға болады.

Құжаттаманы әзірлеуші – «Институт «Гражданпроект» ЖШС.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты – «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Бақытбек Ақпаров. Тел.: (8-72137) 7-39-11.

Ескертулер мен ұсыныстар электрондық поштаға қабылданады: b.akparov@karaganda-region.gov.kz.