
Қарағанды гарнизонында Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы филиал базасында жиын өтті. Әскери-техникалық мектеп директорларының орынбасарлары үшін теориялық және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Жиынға қатысушылар Спасск оқу-жаттығу полигонында болды. Мұнда олар атыс дайындығын ұйымдастырумен танысып, АК-74-тен ату дағдыларын көрсетті. Қарағанды филиалының автодромында басқа мектептерде баламасы жоқ техника ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары нормативтер мен құжаттарды білуіне сынақ тапсырды.