Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры қарағандылықтар мен қала қонақтарын 24 және 25 қазан күндері «Сиқырлы құс Самұрық» музыкалық ертегісінің премьерасына шақырады. Қойылымның композиторы - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласынан музыкатанушысы Әліби Әбдінұров, либретто авторы және режиссер – республикалық және өңірлік театр фестивальдерінің дипломанты Евгения Пермякова.
- Бұл менің Қарағандыдағы музыкалық комедия театрымен алғашқы жұмыс тәжірибем, сондықтан маған өте ұнады, - дейді Әліби Әбдінұров. - Ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенемін. Мұндағы ұжым керемет, бірегей солистер бар. Балаларға музыка жазу өте жауапты іс. Олар біздің болашағымыз. Балалардың көңіл көтергенін және қуанышын көру бір ғанибет, сондықтан біз олар үшін жақсы дүниелер жасағымыз келеді.
Евгения Пермякова ертегі үшін екі қазақ аңызын негізге алған. Олардың бірі - Бәйтерек туралы, екіншісі - Бурабайдағы қайың тоғайы туралы.
- Қойылым танымал халық рәміздерінің қалай пайда болғанын және олардың Қазақстан тарихымен қалай байланысты екенін көрсетуге арналған, - дейді режиссер. – Отбасымен көруге арналған қызықты балалар мюзиклі шықты.
Жарқын спектакльде көптеген кейіпкерлер бар: Самұрық құсы, Хан, оның ұлы Асан, Айсұлу қыз, зұлым жезтырнақ кемпір және зұлым Айдаһар. Іс-шараға хор және балет әртістері қатысады. Рафаэль Хамзиннің жетекшілігімен театр оркестрі сиқырлы күй сыйлайды.
Спектакльде екі құрам ойнайды. Рөлдерде: Самрұқ құсы - Елена Федорова мен Надежда Багаева, хан - Александр Бойко мен Юрий Чапаев, Асан - Денис Кудряшов пен Андрей Панкин, Айсұлу - Маржан Буланова мен Мария Барикова, жезтырнақ кемпір - Дарья Пивень мен Анна Беспалова, Айдаһар-Марат Ажаубеков пен Виктор Игушкин.
Жаңа ертегінің премьерасы 24 және 25 қазан күндері сағат 11.00-де өтеді.
Премьера карантиндік шараларды сақтай отырып өтеді. Залдағы көрермендер саны 50 адамнан аспайды. Кіру қатаң түрде бетпердемен.