Мемлекеттік қолдаудың арқасында қарағандылық полиэтилен өндірушісі өнімділігін арттырды

Мемлекеттік қолдаудың арқасында қарағандылық полиэтилен өндірушісі өнімділігін арттырды

Қарағандылық «Холдинг Алтын Арна» компаниясы 15 жылдан астам полиэтилен және полимер өнімдерін (пакеттер, пленкалар және күрделі сипаттағы бұйымдар) өндірумен айналысады. Компания толық өндірістік циклді жүзеге асырды: технология мен дизайнды әзірлеуден бастап дайын өнімді шығаруға және сатуға дейін.

«Даму» қорының арқасында полимерлік өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік туды. «Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Холдинг Алтын Арна» ЖШС жобаны кепілдендіру және субсидиялау бөлігінде мемлекеттік қолдау алды. Жеңілдікті несие «First Heartland Jýsan Bank» АҚ ҚФ арқылы берілді.

Нәтижесінде, 2016 жылы компания геомембрананы өндіру цехын іске қосты (гидрооқшаулағыш қажеттіліктер мен химиялық қорғауға арналған коррозияға қарсы полимерлі илектер). Заманауи жабдықтар мен сапалы шикізат отандық және халықаралық стандарттардың жоғары талаптарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын материалдарды енгізу және дайын өнімнің сапасын тексеру үшін заманауи зертханамен жабдықталған.

- Мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің компания геомембрананы өндіру қуатын 280,09-дан 2 600 000 шаршы метрге дейін арттырды, полиэтилен өнімдерінің өндірісі 1 908 000 кг-ға дейін өсті, - дейді кәсіпорын директоры Игорь Андреев.

Қазіргі уақытта «Холдинг Алтын Арна» ЖШС – бұл полиэтиленнен, геомембранадан, геокомпозиттен материалдар өндіру нарығында табысты бәсекелесетін тұрақты дамып келе жатқан компания. Өнімдегі жергілікті қамту үлесі 71,9%-ды құрайды. Ассортиментте тапсырыс бойынша да, сериялық өнімдер де бар. Негізі қалағаннан бері компания Қазақстанның көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен берік іскерлік қарым-қатынас орната алды.

Бүгінде «Холдинг Алтын Арна» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан отандық тауар өндірушілер ULTTYQ ÓNIM көрмесінің жыл сайынғы қатысушысы болып табылады.