Қарағандылық ұстаздар Ө. А. Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпаздары атанды

Қарағандылық ұстаздар Ө. А. Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпаздары атанды

Қарағандылық педагогтар Ө. А. Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған іс-шара қашықтық форматта өтті.

Конференция шеңберіндегі пікірталас алаңдары Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында өтті. Қарағандылық педагогтар өздерінің тәжірибелерімен және шығармашылық бастамаларымен бөлісті. Нәтижесінде 14 жұмыс республикалық деңгейде үздік деп танылды, олардың төртеуі бірінші орынды, бесеуі - екінші, бесеуі - үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒТО дипломдарымен марапатталды. Осы марапаттың иегерлері Қарағанды, Сәтбаев, Балқаш, Шахтинск, Шет ауданының оқу орындарында жұмыс істейді.

Пікірталас алаңдары бес тақырып бойынша өткізілді. «Өлкетану», «Ұлы дала мәдениеті», «Ақылды технологиялар» бағыттары үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, балалардың азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі, салауатты қоғам мәдениетін насихаттау мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ақпараты бойынша