
Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің XXXVIII музыкалық маусымының ашылуы 22 қазан күні сағат 19.00-де Қарағанды концерттік бірлестігінің YouTube-арнасында өтеді.
Оркестр музыканттары классикалық музыка әуесқойлары үшін Людвиг Ван Бетховеннің №2 симфониясын дайындады. Биыл неміс композиторының туғанына 250 жыл толады. Айта кету керек, Бетховеннің тоғыз симфониясы – ең көп орындалатын симфониялық шығармалар.
Ашылу салтанаты мұнымен шектелмейді. Оркестрмен Вольфганг Амадей Моцарттың №36 «Линцская» симфониясы орындалады. Халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван дирижерлік етеді.
Музыканттар Петр Чайковскийдің туғанына 180 жыл толуын міндетті түрде атап өтеді. YouTube арнасында «Моцартиана» оркестрлік сюитасы орындалады.
Е. Рахмадиев атындағы оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Петр Грибанов биылғы маусым онлайн-форматта болса да тікелей кездесулерден еш кем болмайтынын атап өтті.